Аккаунт пен деректерді жою

myStaze аккаунтыңызды және онымен бірге сақталған жеке деректерді жою тәртібі осында жазылған. Жою тегін: браузерден кірсеңіз де, қосымшадан кірсеңіз де.

Өзіңіз жойыңыз

Кіріңіз де, төменде растаңыз. Аккаунт сол сәтте жойылады.

Кірмей-ақ

myStaze-де қолданатын поштаңыздан бізге хат жазыңыз, тақырыбына "Data Deletion Request" деп қойыңыз. 30 күн ішінде жоямыз.

hello@mystaze.com

Не жойылады, не қалады

Кіру деректеріңіз, пошта мекенжайыңыз, сатып алған билеттермен байланыс және чаттағы жазбаларыңыз жойылады.

Сатып алу құжаттары бухгалтерлік заң талап еткен мерзімде, ең көбі алты жыл сақталады. Олар бұдан былай ешбір аккаунтқа байланбайды.

Аккаунт сол сәтте жойылады. Сақтық көшірмелерде қалғаны 30 күн ішінде өшеді.

myStaze-де эфирді өзіңіз ұйымдастыратын болсаңыз, бізге хат жазыңыз. Ұйымдастырушы аккаунтын соңғы аударым төленген соң жабамыз.